Алматы жылыту маусымына тас-түйін дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталып қалды. Бұл туралы қала әкімінің алдағы жылыту маусымына қатысты өткізген көшпелі кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Алматыда биыл 12 шақырым жылу, 23 шақырым электр желілері, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз жүйесі қайта жасалды. Мегаполис басшысы Төле би көшесі бойындағы реконструкцияланған 5 шақырым жылу желісін тексеріп , сол аймақтың маңын абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Қала орталығын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Төле би көшесі бойындағы ескі жылу құбырын ауыстыру жұмыстары Розыбакиев көшесінің шығысы мен Өтеген батыр көшесінің батысына қарай жалғасатын болады»,-деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктен мәлім еткендей, білім, денсаулық сақтау нысандары мен қаланың тұрғын үй қоры алдағы жылыту маусымына 100% дайын. Энергетика кешені көмір мен мазуттың апатты жағдайдағы қорымен толық қамтамасыз етілген.

Гидравликалық сынақ кезіндегі кемшіліктер толық қалпына келтірілген соң жылу жүйелері циркуляциялық режимге көшеді. 

Айта кету керек, Алматыда биыл 524 көше жөнделіп, 1400 ескі аула жаңарып, 300 шақырым арық салынды. Қаланың барлық жер асты өткелдері өзгертілді. Жыл соңына дейін көшедегі жарықтардың үштен бір бөлігі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар