Алматы жылыту маусымына қаншалықты дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы алдағы жылыту маусымына 94% дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетовтің айтуынша, сорғы жабдықтары да 94 пайыз дайын.

Жоспар бойынша биыл 17 жылу желісін қайта жөндеуден өткізу міндеттелген. Олар аяқталуға жақын.

Оның ішінде 20 шақырымға жуық жылу желісі мен 6 сорғы станциясындағы жабдықтар жаңартылады.

Жалпы, қазіргі таңда қаланың жылу жүйесінде соңғы сынақтар өткізіліп жатыр.

Кешенді шара барысында жөндеуден кейінгі құбырлардың беріктігі мен тығыздығы тексеріледі.

Айту керек, биыл ескірген қазандықтар энергияны үнемдеп, жылу өткізуді жақсартатын заманауи еуропалық өнімдерге алмастырылған.


Соңғы жаңалықтар