+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

«Алматы жылу жүйесіндегі» ұрлық: Сотталушылар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады

2021 жылғы 29 қыркүйек 07:23
Бөлісіңіз:
«Алматы жылу жүйесіндегі» ұрлық: Сотталушылар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында мердігер ұйымның директоры мен «Алматы жылу жүйесі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да сот әкімдік өкілінен 30 мың теңгеге жуық ақша өндіріп алды СҚО-да аққуды атқан ер адам сотталды Сот орындаушысын ұрған Алматы тұрғыны сотқа жүгінді

Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау - аса ірі мөлшерде, адамдардың алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған. Іс-әрекеттер шот-фактураның үзінді көшірмесі бойынша, жұмыстардың нақты орындалуынсыз, мүліктік пайда алу мақсатында жүргізілген. Осылайша күдіктілер мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

Сот барысында 2017 жылдың маусым айында серіктестік пен мемлекеттік орган арасында жалпы сомасы 2 млрд 600 млн теңгеге шарт жасалғаны белгілі болды. Шарттың мәні жөндеу жұмыстарын орындау/магистральдық жылу желілерін, жылыту желілері мен жабдықтарын реконструкциялау болатын.

«ЖШС-нің қаржылық қызметіне, құрылыс объектісін бақылауға ие болған сотталушы Р. өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлап, ысырап ету туралы ойлаған. Бұл үшін ол «Алматы жылу жүйесі» ЖШС директоры міндетін атқарушы мен үш инженерді осы қылмыстық әрекетке тартқан. Олар құрылыс объектісіндегі суға арналған құбырлар, лотоктар, дискілі ысырмалар, болат крандар секілді алынбаған және орнатылмаған жабдықтар бойынша қабылдау актілеріне әдейі артық сомаға қол қойған. Осылайша мемлекетке 939 млн 535 мың теңге сомасында залал келтірілді», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ, бөлінген қаражатқа объектіге толық реконструкция жасалғанын көрсетті. Прокурор сотталушыларға жазаны жеті жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Осыған байланысты сот оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 245-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа колонияда жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT