«Алматы жылу желілерінің» бас директоры 16 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директорының ұсталғанын растады.

Лауазымды тұлғаға қатысты мәліметтерді кейінірек беруге уәде берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қуаныш Бейсенбіновтың Алматыда жылу желілерін жаңарту кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін «Спецкоммун» ЖШС өкілінен 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын

Айта кетейік, Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу желілері» серіктестігін 2018 жылдан бері басқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар