«Алматы жылу желілері» жылу құбырларында сынақ жүргізілетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу маусымының аяқталуына байланысты магистралды жəне басқа да жылу құбырларында гидравликалық сынақ жүргізіледі, - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Қысым арқылы тексеру жылу құбырларының қазіргі жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс кестесіне сəйкес, 14-19 сəуір аралығында Лавренёв-Дөнентаев-Соболев-Домбровский көшелерінің шаршысында, Гете-Бакинская-Коммунаров, Шемякин-Спатаев-Рысқұлов,  Шемякин-Ленинабадская, Гете-Белякова, Станкевич көшелерінің бойындағы жəне   №11 орта мектебінің  маңындағы құбырлар сынақтан өтеді.

"Сынау жұмыстары кезінде тұтынушыларға  берілетін жылы су тоқтатылмайды. Су атқылап, бу бұрқыраған жағдайда тұрғындарға сабырлық сақтап,  «АлТС» ЖШС хабарлауын өтінеміз",- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар