Алматы жылу магистралінде апат болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алматы ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі жылудан уақытша ажыратылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың Алматы ауданындағы Райымбек батыр-Қабдолов-Отарская-Варламов көшелері шаршысында орналасқан ғимараттардың бір бөлігі бірнеше сағатқа жылудан ажыратылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, инженерлік желілерде штаттан тыс жағдай Өтеген батыр көшесінің батысындағы Төле би көшесінде орналасқан технологиялық жабдықтардың істен шығуы салдарынан болған.

Қаланың бұл секторындағы тұтынушыларға жылу мен жылы суды беру барлық апаттық жұмыстарды жүргізу аяқталған соң, шамамен бүгін сағат 20:00-ге қарай қалпына келтіріледі.

«Жылу беруді уақытша тоқтату тұрғын үйлер мен басқа нысандардағы температуралық режимге әсер етпейді» деп сенімді жылу берушілер. 

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар