Алматы жұртшылығы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы жұртшылығы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның денесі Кеңсай-2 зиратына жерленбек.

«Ұлттық операның негізін салушылардың бірі, қазақ опера өнерін әлемнің биігіне көтерген алып тұлға, ұлттық мәдениеттің ең жарық жұлдыздарының бірі Роза Жаманова апамыз дүние салды. Ол кісінің бүкіл өмірі музыка өнерінің ең биік шыңы саналатын операға арналды. Қазақ және орыс композиторлары мен шетелдік классиканың ең таңдаулы туындыларын осы сахнада, дүниежүзінің айтулы театрларының төрінде шырқап, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ ұстаздық мектеп қалыптастырды. Өмірінің соңына дейін небәрі 2-ақ мекемеде қызмет істеді. Біреуі осы опера театры болса, екіншісі біздің ұлттық консерватория», - деді қаралы жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед. Қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесі лайықты бағаланып, КСРО Халық әртісі атағын алды. Қазақстанның бірқатар наградаларымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар