Алматы жұртшылығы мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевты ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жұртшылық белгілі қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевті бақилық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі бұрынғы кеңес дәуірінің мемлекеттік және партия белсендісі өмір сүрген үйде өтті.

Қаралы жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
«Сағидолла Құбашев көп жылдар бойы түрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеп, еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Анығын айтқанда, ол басшы қызметтерде болды, бірқатар облыстық атқару комиттерін басқарды, Гурьев және Семей облыстары партия комиттерінің бірінші хатшысы, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы болды. Қазақстанның гүлденуі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында аянбай еңбек етті. С. Құбашевтің ерен істері жоғары марапаттармен атап өтілді», - делінген жеделхатта.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен С.Құбашевтың отбасына көңіл айтуға жүздеген адамдар келді. Естеріңізге сала кетейік, Сағидолла Құбашев 90 жасқа қараған шағында Алматыда көз жұмды.
Марқұм 1927 жылы 10 ақпанда қазіргі Атырау облысындағы «Первый» ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтын бітірген.
1949 - 1953 жылдары Гурьев облысында бас зоотехник, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған.
1953 1960 жылдары Атырау облысындағы «Передовик» колхозының төрағасы атанады.
1960 - 1963 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1975 - 1979 жылдары Қазақ ССР-і министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болады.
Лауазымды партиялық басшы қызметтерін атқарып, XI, XII, XIII, XIV, XV,XVI Съездерінің делегаты атанды. 1987-1988 жылдар аралығында ҚКП ОК-нің Бюро мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар