Алматы жұртшылығы белгілі балет бишісі Рамазан Баповты ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы халқы қазақ балетінің белгілі өкілі Рамазан Баповты ақтық сапарға шығарып салды.

Қаралы жиын Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Әртісті ақырғы сапарға шығарып салу рәсіміне қала әкімі Ахметжан Есімов, басқарма басшыларымен бірге балет саласының мамандары, қала халқы, өнерсүйер қауым қатысты.

«Рамазан Бапов - қазақ балетін бар әлемге танытуға үлес қосқан өнер иесі. Ол кісіні тәлімгер ретінде де, маман ретінде де жоғары бағалаймын. Артында өшпес із қалдырған деп осындай адамдарды айту керек. Өйткені, оның орындауындағы «Жизель» сонау кеңес заманында-ақ өзінің лайықты бағасын алған. Әрине, бұл жалпы қазақ үшін үлкен қайғы», - деді «Астана Опера» опера және балет театрының балет жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев.

Соңғы жаңалықтар