Алматы жұртшылығы ауа райының қолайсыздығына қарамастан Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының Арбат алаңында Алмалы ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтуде. Таңертеңгі 11-де басталған думанды мерекеге аудан тұрғындарының басым бөлігі жиналды.

«Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлеуде. Бұл күні біз келешекке жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Ең бастысы береке-бірлігіміз бен жұмылған тірлігіміз бар. Осындай жетістігіміз, ең алдымен, Елбасымыздың арқасы», - деді Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов. Келушілерге наурыз көже мен ұлттық тағам түрлерінен дастархан жайылды. Ұлттық қолөнер бұйымдарын алам деушілерге көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Алаңның бір бұрышында аудандық өнерпаздардың қатысуымен концерт қойылып жатса, бір бұрышында ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізілуде. Сонымен қатар, қалалық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен бүгін аудандық көлемде өткізіліп жатқан шаралар барысында «Звездный десант» атты автобус келеді. Онда эквилибрист, клоундар, әртістер, әншілерден құралған өнерпаздар тобы шағын аудан тұрғындарына 5-6 нөмір көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

Соңғы жаңалықтар