Алматы ЖОО оқытушысы қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ЖОО оқытушысы қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы магистр, Ел-Дана Сұраншиева қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина туралы қауесеттерге сенбеуге шақырды.

«Мен «қорғалуым керек» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені туризм саласында жұмыс істеймін, студенттерге сабақ беремін. Сондықтан мен өзгенің және жақындарымның денсаулығына алаңдаймын. Алғашқы күндері Алматы қаласында жаппай вакциналау барысында екпе алдым. Мен медицинаға, ғылым мен білімге сенемін. Сонымен қатар, азаматтарды вакцинаға қатысты түрлі қауесеттерге сенбеулерін сұраймын», – деді Ел-Дана.

Жас оқытушы вакцинадан кейін жанама әсер болмайтынын айтты. Керісінше, вакцинаның арқасында оқушылар мен мұғалімдер мектеп қабырғасында білім алады, сондай-ақ күнделікті өмірге оралудың ең тиімді жолы.

« Әрбір азамат өзі үшін де, басқалар үшін де вакцинанын қаншалықты маңызды екенін түсініп, өзін моральдық және физикалық тұрғыдан дайындауға тиіс. Менің отбасым вакцина мәселесіне ерікті түрде келді. Ата-анам қытайлық «Hayat-Vax» вакцинасын алды, ал мен «Спутник V» вакцинасын таңдадым. Менің таныстарым да коронавирусқа қарсы екпе алды. Біз бірге коронавирусқа қарсы күресті күшейтеміз», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар