Алматы жолдарында жиектастар болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмасхан Ахмеджанов кеспе тастың пайдасы, бұрынғы қателіктер мен жиектастары жоқ қала туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазір Алматы көшелерін 2019 жылы қайта құру жобалары бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Олар сараптамада жатыр, мүдделі қоғамдастық, соның ішіндеUrban forum-мен тәптіштеу, талқылау жұмыстары жүргізіліп, басқа көшелерде жіберілген қателіктер есепке алынуда.

Қайта жаңартылатын көшелерге асфальт емес, тротуар плиткасы төселеді.

«Бір жағынан қарағанда, плитка жатса, оны тазалау, қардан тазарту, пайдалану арзанға түседі. Асфальт болса, жарылып, 2-3 жылдан соң оны қайта төсеуге тура келеді. Ал бедертасты бөлшектеп ауыстыруға болады. Бұл - догма емес. 10 жылдан кейін басқа құрылыс материалы пайда болуы мүмкін. Біз жоспарлаған әрбір заттың практикалық түсініктемесі бар, бұл жай ғана әдемілік үшін емес, табиғи теңгерімнің сақталуы үшін жасалады. Барлық ғимараттардың тұрақты болуы назарға алынады. Дизайн тұрғысынан алғанда, сынайтындар көп, бұл дұрыс емес, себебі кейбір істер техникалық жағы ескерген», - деді А.Ахмеджанов.

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, жаңа жылда қала биік жиектастан бас тартпақ.

«Құрылыс нормалары бойынша жиектас бөлектеуі тиіс, ал біз жасыл шөп пен жол жабындысының арасындағы шекараны тегістеу үшін оны алып тастауды шештік. Яғни сонда адам сүрінбейді, шалынбайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда жиектастар болмайды. Жаяу жүргіншілерге жиектастың не керегі бар?  Қоршаусыз қала бағдарламасы өтті, қала кеңейді, кеңістік ашылды. Енді ғимараттарды ашып отырмыз. Бұл дамыған елдердің технологиялары бойынша жасалып отыр», - деп атап өтті ол. 

Соңғы жаңалықтар