Алматы жолдарында торлы жол белгісі пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында торлы жол белгісі сызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматыда жыл соңына дейін 5 көше қиылысында осындай белгі пайда болады.

«Бұл белгілер жүргізушілерге бос кеңістікті басуға болмайтынын ескерту үшін жасалған. Қазір олар эксперимент ретінде салынды. «Вафельді» белгі - бұл қиылыстағы жол үстіне сары жолақтармен салынған тор көздер. Жүргізушілер кептеліс кезінде бір-біріне кедергі келтірмейтін болады. Бұл белгілер көбінесе бағдаршаммен реттелетін, бірақ кептеліс көп болатын қиылыстарда қойылады», - деді ПД-дан.


Соңғы жаңалықтар