Алматы жолдарында рейд жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы барысында шаһар жолдарында 800-ден астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең көп кездесетін бұзушылықтар: автокөлікті мас күйде басқару – 13, көлікті жүргізу құқығынсыз басқару – 8, көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра рульге отыру – 2, жалған МТНБ салынған көлікті басқару –8, жолақтың қарсы бетіне шығу – 15, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту – 15, апаттық жағдай жасау – 48, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолдану – 141, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 162, маневр жасау ережелерін бұзу – 128, сонымен қатар 154 жаяу жүргінші жасаған құқық бұзушылықтар», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Қадағалау функцияларынан басқа, жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар