Алматы жолдарында камера саны артады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарындағы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесінде 108 жұмыс жасап тұр. Жыл соңына дейін камералардың санын 142 жеткізу жоспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жоба жүргізушілердің тәртібін түзеуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қолға алынған шаралардың арқасында жол апатының саны 8,5%ға қысқарды. Ал жол апатынан жапа шеккендердің саны 10%-ға азайды.

Қалалық әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы камералардың көмегімен жыл басынан бері жол ережесін бұзған 255 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 1073 жүргізушінің рөлді мас күйінде тізгіндегені анықталды.

1891 жүргізуші сот арқылы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар