Алматы жолдарында 400 полиция қозғалысты реттеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жарық өшіп қалған соң қаладағы жол қозғалысын реттеуге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада жарық өшкені туралы хабарлама түскен соң жол патрульдік полиция қызметкерлері барлық қиылыстарда жол қозғалысын реттеуге көшті. Ең алдымен магистральді көшелерге, кейін екінші деңгейдегі көшелерге полиция сап түзеді. Жол қозғалысын реттеуге 400 полиция қызметкері шықты», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицияның хабарлауынша, қазір көшелерде жол көлік қозғалысы реттелген. Жол оқиғасы тіркелген жоқ.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының бірқатар аудандары жарықсыз қалғаннын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар