Алматы жолдарына көктайғаққа қарсы 2400 тонна құм себілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 2400 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада 17 қараша күні сағат 14.40-та басталған қар 18 қараша күні сағат 03.00-ге дейін толассыз жауған.

Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы - 5-7 см, таулы аймақтардағы қар қалыңдығы 20 см-ге жеткен.

Коммуналды қызметтер көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 2400 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты.

Түнгі уақытта шаһардағы қарды тазалауға 491 техника мен 491 жұмыскер жұмылдырылды.

18 қараша күні таңертең 554 арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысын шығару жоспарланған.

Қала сыртына 297 текше метр қар шығарылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар жинау жұмысының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар