Алматы жолдарына 1800 тонна құмды-хлоридті қосынды, 23 тонна техникалық тұз төселді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коммуналдық қызметі қалың жауған қарды тазалап тастады, деп хабарлады қалалық табиғи ресурстар және таиғатты пайдалану басқармасы.

15 қараша күні кешкі 19:30-да Алматыда жауын жауып, арты қарға ұласты. Таулы аймақтарда 35 см қалыңдықта қар жауса, қалада 10-13 см-ге жетті.

Абай көшесінен оңтүстікке қарай жолда құмды-хлоридті қосынды төселді. Таулы аймақтардан 280 текше метр көлемінде қар сыртқа шығарылды.

Түнгі қар тазалауға 292 тазалағыш, оның ішінде 92 құм сепкіш техника, 410 адам жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар