Алматы жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ардақ Самамбетов Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ардақ Самамбетов 1989 жылы 8 ақпанда дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін (заң бакалавры), Қазақ гуманитарлық-техникалық академиясын (экономика және бизнес магистрі) бітірген.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Өңірлік даму министрлігінде және ҚР Ұлттық экономика министрлігінде еңбек етті.

2016 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар