Алматы ЖЭО-лары ауаға үлкен көлемде шығарынды тастайды –ЕҚДБ өкілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Еуразия, Таяу шығыс және Африкадағы энергетика жөніндегі директоры Аида Ситдикова Астана халықаралық форумының панельдік отырысында Орталық Азия елдеріне қазба отынды субсидиялаудан бас тартуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде саяси ерік-жігер мен келешек туралы ашық түсінік керек. Қазақстан ақпан айында өзінің ұзақ мерзімді жоспарын (көміртегінен бейтараптық туралы – ред.) мақұлдады. Сондай-ақ Қазақстан осы өңірдегі көміртегі шығарындыларын 2060 жылға қарай нөлге жеткізу, инклюзивті энергия жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатын жариялаған алғашқы ел», - деді ЕҚДБ өкілі.

Сондай-ақ ол Қазақстанда өндірілетін энергияның 60 пайыздан астамы көмірден алынатынын еске салды.

«Мысалы, Алматыдағы жылу-электр орталықтары қоршаған ортаға үлкен көлемде шығарынды тастайды. Бұл азаматтардың денсаулығына әсер етеді. Мұндай жағдайда газды пайдалану ұсынылады. Бұған неғұрлым ерте қол жеткізсек, көміртегі бейтараптығын соғұрлым ерте қамтамасыз етеміз.

Қазба отынды субсидиялаудың климаттың өзгеруі, халықтың денсаулығы, экономикалық әсері деген сияқты салдары да бар.

Мемлекеттерге өз экспортын көміртексіздендіру мәселесімен айналысып, бәсекеге қабілеттілігін орнықты қамтамасыз ету керек. Оның бәрі ақшаға келіп тіреледі. Біз бұл жерде басқа балама жол көріп тұрған жоқпыз», - деді Аида Ситдикова.


Соңғы жаңалықтар