Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды. Ашық халықаралық тендер былтыр қазанда жарияланды. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) талаптары бойынша екі кезеңнен өткізілді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-каналцна жазылған.

«Самұрық-Қазына» жобаны қаржыландыруға қатысады.

Түрлі елдердің компанияларынан алты өтінім түскен. Үш Қытай компаниясының консорциумдары жеңімпаз болды: Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd.


Біріншісі – ірі өндіріс жабдықтарын шығарады, екіншісінің ЕРС жағдайында жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалауға маманданған. ЕҚДБ жеңімпазды бекітті, конкурс банктың ережесіне сәйкес өтті деп саналады.
Бүгін ЖЭО-2-де қытайлық EPC консорциумымен шартқа қол қою рәсімі өтеді.
«Ол барлық жұмыстарды орындайды: жобалау, жабдықтар жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары, пайдалануға беру. Шараға «Самұрық-Қазына» атқарушы директоры Ернат Бердіғұлов қатысты», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар