Алматы желдеткіштер зауыты мен LG Electronics жаңа желдеткіштер жүйесін шығармақ (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ірі өнеркәсіп өкілдері - Алматы желдеткіштер зауыты мен LG Electronics бірегей желдеткіш жүйесін шығару туралы келісімге қол қойды.

«LG Electronics компаниясының инновациялық технологиясы қоғам мен елге қажетті жаңа жобалар мен өнімдердің пайда болуына себеп болғанына өте қуаныштымын. Екі ірі өнеркәсіптің бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде шығарылатын жаңа желдеткіш жүйесі құрылыс кезінде пайдаланылатын болады», - деді LG Electronics Қазақстан компаниясының вице-президенті Сәбит Сартбаев.

«Жаңа жоба бойынша шығарылатын өнімдер Кедендік одақ арқылы Ресейге экспортталатын болады. Ортақ жоба орталық өндіріс орындарындағы және азаматтық ғимараттардағы желдету жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді», - деді «Алматы Желдеткіш зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марат Бақұлов.

LG Electronics пен «Алматы Желдеткіш зауыты» АҚ 2017 жылы Астана өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, ортақ жобаларын таныстыратын болады.

Соңғы жаңалықтар