+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

2021 жылғы 2 наурыз 23:42
Бөлісіңіз:
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаладағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отбасы банкінің» желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде тұрғын үй саласындағы операция рекордтық көрсеткішке жетті Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті Нұр-Сұлтанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілті табыс етілді

Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%;
Бастапқы жарна-10%
Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.
Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады.
Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады.
Негізгі талаптар:
• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT