«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы: Жарты күнде рекордтық өтінім түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштер берілген бірінші күннің өзінде өтініштер саны шектеулі квотадан асып түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бүгін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды.

Айта кету керек, биыл осы бағдарлама бойынша 1000 пәтер беріледі. Сондай-ақ, биыл несиелеу мөлшері 13-тен 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта бағдарламаға қатысуға 2,7 мыңнан астам өтінім берілді.

Өтініштердің көп бөлігі білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарынан түскен. Айту керек, өтініш берген азаматтардың барлығы бағдарлама талаптарына сай келе алмайды. Сондай-ақ, арнайы сайт жұмысы нашар істеуде.

Өтініштер Алматы қаласының мемлекеттік, қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтардан: дәрігерлер мен медбикелер; мұғалімдер мен тәрбиешілер; суретшілер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері; жаттықтырушылар мен спортшылар; университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен зерттеушілері; әлеуметтік қызметкерлер; өндірістік қызметке қатысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлерінен (мемлекеттік және коммерциялық) қабылданады.


Соңғы жаңалықтар