Алматы жастары метрода Абай әндерін шырқады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жастары Метрода Абай әндерін шырқады. «Абай жолы» атты флеш-мобты қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жанындағы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры ұйымдастырды.

100-ге тарта жас өрен Байқоңыр стансасынан Абай стансасына дейінгі аралықта жолаушыларға тегін концерт ұйымдастырып, домбырамен ақын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады.

Абай стансасында Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясы жанындағы колледж бен Қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Желсіз түнде жарық ай» туындысын орындады. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында жастар туралы заң қабылдаған болатын. Жаңа заңнамада 3-бап бізге серпін берді. Онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады делінген. Ұлттық дәстүр мен құндылықтар ұрпақтар сабақтастығы арқылы кейінгі буынға жетуі керек. Біз осы арқылы өзіміздің заңға деген көзқарасымызды танытып, оны түсіндіруді мақсат тұттық. Сондықтан, Абай әндерін таңдадық. Абай әндерінің тым болмаса екі ауызын білмейтін адам жоқ», - деді Жастар саясаты дамыту Мемлекеттік қорының директоры Совет Сейітов. Жолаушылар тарапынан жастардың өнері үлкен қошеметке ие болды.

Соңғы жаңалықтар