Алматы жастары қазақ күресінің көрігін қыздыруда - ВИДЕО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Республика алаңында жастар қазақ күресінің көрігін қыздыруда. Ересектерден бастап, жас балаларға дейін сайыста бағын сынауда.

Сондай-ақ, алаңда ұлттық ойын түрі асық атудан да жарыс болып жатыр.

«Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Оның тарихы тереңде жатыр. Біз арқалы ел ретінде өткенімізден қол үзіп қалмауымыз керек. Бүгінгі мейрамда өзіміздің төл салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптейтін бірнеше шара ұйымдастырдық. Келушілердің көңілінен шықты деп ойлаймыз», - деді ұйымдастырушылар. Алаңда қазақтың көшпелі салтынан сыр шертетін 13 киіз үйден тұратын «Қазақ ауылы» алыстан мұндалайды. Олардың ішінде көзден таса болып бара жатқан ұлттық тарихи жәдігерлер, қыран құс, көне жиһаздар қойылған. Келушілер театрландырылған қойылымды тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен дәм татып жатыр. Жұртшылыққа қазақтың ата кәсібі: тері, ағаш бұйымдарды өңдеу, ұсталық бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қала тұрғындары алтыбақан теуіп, қазақ ертегілерінің Тазша бала, Жалмауыз кемпір сынды кейіпкерлерімен суретке түсуде.

Соңғы жаңалықтар