+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы жастары Елбасымен түскен ерекше фотосуреттерін метродағы көрмеге шығарды (ФОТО)

2015 жылғы 23 қараша 16:27
Бөлісіңіз:
Алматы жастары Елбасымен түскен ерекше фотосуреттерін метродағы көрмеге шығарды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында Елбасының бірегей фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Мәдени шараны «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы филиалы, ҚР Президентінің мұрағаты, қалалық Ішкі Саясат басқармасы ұйымдастырды.

«Байқоңыр» стансасында өткен көрмеге 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасы Н.Назарбаевтың әр аймақ жастарымен кездесулеріндегі суреттері қойылды. Президенттің жеке фотографының суреттерінен бөлек, басқа да кәсіби фотографтардың да жұмыстары ұсынылды.

«Елбасының әр жылдары жастармен түскен ерекше фотосуреттерінен құралған көрмені ұйымдастырып отырмыз. Бұл шара жастарға отансүйгіштікті үйрету, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Жастардың қоғамдағы белсенділігі аса жоғары. Олар түрлі салада қызмет етіп жатыр. «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдік ЖОО-да оқып жатқандар бар. Бұның бәрі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты», - деді «Жас Отан» жастар қанатының Алматыдағы филиалының басшысы Арман Қалыбеков.

Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

null

null

null

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT