«Алматы жастары» бағдарламасы аясында баспана алуға 18 млрд теңге беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1000 пәтер қолданысқа беріледі. Бұған 18 млрд теңге қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев «Алматы жастары» бағдарламасы аясында несиелендіру көлемі 18 млрд теңгеге дейін артатынын айтқан болатын. Өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде Алматы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміровке журналистер осы сауалды қойды.

«Үй алады. Биыл жыл басында біз сараптама жүргіздік. Байқағанымыз нарықтағы үй бағасы қымбаттаған. Осыған байланысты «Алматы жастары« бағларламасы аясында жеңілдетілген несие 18 млн теңгеге дейін артатыны туралы шешім қабылдады. Бағдарламаға қатысушылар баспана алу үшін 18 млн теңгені толықтай алуға мүмкіндігі бар», -деді Ермек Әміров. Орынбасардың айтуынша биыл 8000-нан астам адам баспаналы болады. Оның 1000-ы« Алматы жастары» бағдарламасымен алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі пайызбен берілетін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы 2020 жылы басталған. Оған жасы 35-ке дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Өтініш бере алатын азаматтар санатына: Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемеде еңбек ететіндер, дәрігерлер мен мейірбикелер, педагогтар мен тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар, ЖОО оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары: журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық), өндірістік салада еңбек ететіндер кіреді.


Соңғы жаңалықтар