Алматы және Жамбыл облыстарындағы жолдарда полиция көлігінің макеттері орнатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алматы және Жамбыл облыстық полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде «жол-патрульдік полиция» көлігінің макеттерін орнатты.

Бұл туралы ҚазАқпарат «QazAvtoJol» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар