Алматы және Алматы облысына тағы да нөсерлі жаңбыр төніп келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы және Алматы қаласында мамырдың 27 түнінен бастап, 3 мамырға дейін  найзағай жарқылдап, нөсерлі жаңбыр жаңбыр жууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, Қазақстанға Баренц теңізінен суық әрі ылғалды ауа ағыны соғады. Өткінші ыстықтан кейін солтүстік аймақтардан бастап ауа температурасы төмендейді, суық ауа ағыны шығыс және оңтүстік аймақтарға жетеді.

«27 мамырда кешке нөсерлі жауын-шашынға байланысты Алматы облысы және Алматы қаласы  өзендерінде су тасқыны мен беткейлік ағындар болуы ықтимал», - делінген Қазгидрометтің хабарландыруында.

Синоптиктер нөсерлі жауын-шашындар 3 маусымға дейін жалғасады деп болжайды. 

Соңғы жаңалықтар