Алматы жаңа өрт сөндіру депосы ашылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Алатау ауданында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Қазақстан республикасының тәуелсіздігі мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты ашылу шарасына қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров қатысты.

«Алатау ауданының құрылғанына 3 жыл өтті. Осы уақыт аралығында қыруар жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік инфрақұрылым жүргізіліп, бірнеше баспана салынды. Бұл ауданның болашағы өте үлкен. Соңғы 40 жылда киноконцерт залы ашылды. 2017 жылы өтетін Универсиадаға қарай 12 мың орынға арналған спорт сарайы салынып жатыр», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі айтпай келетін тілсіз жаумен күресте алматылық өрт сөндірушілердің ерен еңбегін атап өтті.

«Өрт сөндірушілердің алматылық гарнизоны кәсіби тұрғыдан шыңдалған, мобильді ұжым. Жаңа депо сіздердің одан әрі мүлтіксіз қызмет атқаруларыңызға сеп болады деп ойлаймыз», - деді ол.

Министрлік өкілі Алматы сияқты ірі мегаполиске заманауи жабдықталған өрт сөндіру депосы еш артық етпейтіндігін жеткізді.

«Қала кеңейіп келеді. Сондықтан, заманауи құралдармен жабдықталған өрт сөндіру депосы керек. Айталық, ұшқышсыз басқару ұшағы кез келген жағдайда видео түсіре алады. Мұнда тек өрт сөндірушілер ғана емес, 150-ге тарта құтқарушы, инженер мамандар бар», - деді төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров.

Соңғы жаңалықтар