Алматы жақта тағы да жер сілкінді

Фото: Фото: static.vkurse.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:12-де тіркелген. Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 45.27° с.е. және 80.67° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Алматыдан бірнеше шақырым жерде сағат 7:40-та және 8:55-те жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ, қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді.


Соңғы жаңалықтар