Алматы зейнеткерлеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік беретін карталар тұрақты түрде таратылатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зейнеткерлеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік беретін карталар тұрақты түрде таратылатын болды.

«Алматы көлік холдингі» ЖШС хабарлағандай, әлеуметтік көлік карталары 1 желтоқсанға дейін ғана емес, тұрақты түрде таратылып тұратын болды. Мұндай шешімді қабылдау кезінде зейнеткерлердің өтініші ескерілді.

«Оңай» картасы жоғалған жағдайда 320 теңгеге қайта жасатуға болады.

Әлеуметтік картаны алу үшін тұтынушы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу керек. Ол үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын куәлік пен жеңілдік алуға рұқсат беретін құжат алып жүруі керек.

Соңғы жаңалықтар