Алматы XXIV Қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінім беру науқанының бірінші кезеңінен сәтті өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы XXIV Қысқы олимпиаданы өткізуге лайықты үміткер. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен жиналыс барысында қала басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Жиналыста қаланың 2022 жылғы XXIV Қысқы олимпиада мен Паралимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін арттыру мәселесі талқыланды. Шараға ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетов, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Құзырлы орган өкілдері өтінім беру науқанының бірінші кезеңінің сәтті өткендігін айтты. Олардың мәлімдеуінше, Алматы Халықаралық Олимпиадалық комитетке өтінім кітабын бірінші болып ұсынды. Қатысушылар өтінім науқанының екінші кезеңін өткізу мәселесін де сөз етті.

«Жақында өткен Қазақстан Халықтары Ассамблеясының съезінде Мемлекет басшысы үлкен саяси мінберден еліміздің Олимпиада ойындарын өткізуге бар күшін салатынын айтып өтті. Бұл - бізге көрсетілген өте үлкен саяси қолдау деп санаймын», - деді Ахметжан Есімов.

Дәл қазір Алматы қаласы Олимпиаданы өткізуге үміткер 5 қаланың мүмкіндігін бақылайтын «Power Index» рейтингісінде көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар