Алматы Үндістан және Қытай елдерімен байланыстарын арттыра түспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайнды қабылдады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала басшысы екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты атап өтті. Атап айтқанда, қалада 71 бірлескен және 245 үнділік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың бар екендігін жеткізді. Қос тарап үнділік компаниялардың Индустриалды аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркінде» жұмыс жасауы өзара қарқынды байланысқа тың серпін беретіндіктерін айтты. Үнді елшісі туризм мен басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі кеңейте түсуге мүдделі екендіктерін білдірді. «Алматыға мен алғаш рет келіп тұрмын. Табиғаты ғажап, бірегей қала екен. Алматы мен Үндінің өзара серіктестік әлеуеттерін арттыра түсуге толық мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті Харш Кумар Джайн. Сондай-ақ Ахметжан Есімов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтайтын Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Ду Дэвэньді қабылдады. Алматы әкімі соңғы жылдары мегаполис пен Қытай арасында позитивті қарым-қатынастың дами түскендігін атап өтті. Бұған Қазақстан мен Алматыда болған ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай өңірлері басшыларымен, қытайлық компаниялар жетекшілерімен болған кездесулер оң ықпал етті. Мысалы, 2013 жылы мегаполис пен ҚХР арасындағы тауар айналымы 35%-ға артты. Өз кезегінде Ду Дэвэнь ханым Алматы мен Қытай арасында түрлі салалар бойынша оң ықпалдастықтың қалыптасқанын айтты. «Ең бастысы, соңғы жылдары Қытай Алматы туралы, ал алматылықтар Қытай жөнінде мол мағлұмат алатын болды. Екі жаққа да пайдалы өзара байланыстың бұдан былай да дами беретіндігіне сенімдімін», - деді консул.

Соңғы жаңалықтар