Алматы ҰБТ қорытындысы бойынша 1-ші орында

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Алматы осымен үшінші жыл көшбасшы болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты.

«Алматы түлектері осымен үшінші жыл қатарынан көшбасшылық позициясын сақтап қалды. Биыл Алматыда «Алтын белгіге» үміткер 229 оқушының 173-сі (75,5%) өздерінің үздік білімдерін дәлелдеді. Олардың ішінде 21 түлекке «Алтын белгіге» 1 бал жетпей қалды. 5 оқушы 124 балл жинақтады. Ал ең үздік нәтижені №90 лицейдің түлектері көрсетті», - деді Рахат Шимашева. Оның айтуынша, 50-ден төмен балл жинақтаған мектеп бітірушілердің саны биыл 5,1 пайызға азайған. Ал 1831 (37,4%) оқушы 100-ден астам бал жинады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға көп. ҰБТ қорытындысына сәйкес, орташа балл бойынша Алатау (97,3 балл), Медеу (96,4 балл), Алмалы аудандары көш бастап тұр (96,3 балл). Айта кетерлігі, ҰБТ-ға Алматы бойынша барлығы 189 жалпы білім беру ұйымы қатысты.

Соңғы жаңалықтар