Алматы ТЖД қала халқын шырт ұйқыдан оятқан дабылдың себептерін анықтап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ТЖД қала халқын шырт ұйқыдан оятқан дабылдың себептерін анықтап жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңда бұл ақпаратты растауға, болмаса жоққа шығаруға мүмкіндік болмай тұр. Дәл қазір Алмалы аудандық ТЖ бөлімімен дабыл жұмысын қадағалайтын техниктер болған жайттың себебін анықтап жатыр», - деді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бүгін таңғы 5 шамасында Алматы тұрғындарын төтенше жағдай дабылы оятты. Дабыл бір сағаттай уақыт бойы қосылып тұрған. Дабылды Алмалы ауданының тұрғындары анық естіген.

Соңғы жаңалықтар