USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы ТЖД газ анализаторы жоқ үйлерге газ қондырғыларын пайдалануға тыйым салуды ұсынады

2019 жылғы 13 қараша 12:50
Бөлісіңіз:
Алматы ТЖД газ анализаторы жоқ үйлерге газ қондырғыларын пайдалануға тыйым салуды ұсынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД газ анализаторы жоқ үйлерге газ қондырғыларын пайдалануға тыйым салуды ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға айнала блокпостар қойылды Мәдениет министрлігі: Еліміздің «алтын кино қоры» өртенген жоқ Еліміз бойынша Конституциялық заңдылық орнатылды – Тоқаев

«Айта кету керек, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті газ қондырғыларының қауіпсіз жұмысына бақылау жұмыстарын жүргізбейді. Бұл бақылауды ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты департаментінің бақылау бөлімі жүзеге асырады. Олар «ҚазТрансГаз-Аймақ» компаниясымен бірлесіп жұмыс істейді», - деді Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов.

Арман Байгеловтың айтуынша, газ анализаторы табиғи газбен уланудың алдын алады. Ол газ шыққан кезде желіге газ беруді тоқтатып, қосымша желдетуді іске қосады.

«Өз кезегінде, табиғи газбен улану жағдайларының алдын алу үшін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға тұрғын үйлерге газ қондырғыларын газ анализаторынсыз пайдалануға беруге тыйым салуды ұсынды. Бұл табиғи газбен улану қаупін азайтады, өйткені «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі міндеттері тауарлық газды жеткізуді ұйымдастыру, оны тасымалдау, газды кедергісіз және үзіліссіз қамтамасыз ету болып табылады», - деп атап өтті спикер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT