+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен

2019 жылғы 15 қазан 17:53
Бөлісіңіз:
Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық берешегін өтеген азаматтардың көпшілігі - Алматы қаласының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді Шымкент тұрғынының салыққа қарызы 7,5 млн теңгеге жеткен

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2019 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылған.

«Қарыз өтеу бойынша Алматы қаласы бірінші орында (65 042 адам) болса, Ақтөбе (34 68 адам) мен Қостанай (28 975 адам) облыстары үздік үштікті түйіндеп тұр», - делінген хабарламада.

Төленген салық сомалары бойынша Алматы қаласы алда тұр. Қала тұрғындарының салыққа берешегі қазіргі уақытта 4 млрд 440 млн теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарында Алматы бойынша салық қарызы - 5,5 млрд теңге болатын.

«Жиналған салық қарызы бойынша осы аптадағы рейтинг көшбасшысы – Алматы қаласының тұрғыны. Ол көлік салығы бойынша 1 862 999 теңге көлеміндегі негізгі борыш сомасын төлеп, аталған сомадан 1,5 есе асып түсетін өсімпұл есептен шығарылды (2 745 000 теңге)», - дейді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 3 - 10 қазан аралығында 21 275 жеке тұлғаның 74,8 млн теңге көлеміндегі өсімпұлы есептен шығарылған болатын.

Автор: Зарина Қаһарман

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT