Алматы тұрғынынан 5 келіге жуық есірткі тәркіленді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция демартаментінің мәліметінше, 35 жастағы алматылықтан 5 келіге жуық ұнтақ зат тәркіленді.«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында біздің бөлімше қызметкерлері 35 жастағы Л.есімді азамат айдап келе жатқан көлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан ұнтақты зат салынған 20 байлам және екі бірдей полиэтилен бумасы табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген шөптің жалпы салмағы 4,7 келіні құрайтын синтетикалық «мефедрон» есірткісі екендігі анықталды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Полиция өкілінің айтуынша, тәртіп сақшылары қазіргі уақытта есірткі тарату жолдарын, арнасын анықтап жатыр.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар