Алматы тұрғыны жол ережесін бұзып, видеосын желіге жүктеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-фараби даңғылында жол ережесін бұзып, видеосын желіге жүктеген жігіт 1 жылға жүргізуші құқығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек айтты.

Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша іс материалдары әкімшілік сотқа берілген.

«ҚР ӘқбК 4 пунктын бұзғаны үшін ол айыппұл төлеуге мәжбүрленуі мүмкін. Ал қарама-қарсы бетке шыққаны үшін 6 айға жүргізуші құқығынан айрылады. Ал егер бұрын да осындай құқықбұзушылық жасаған болса, онда 1 жылдан аса көлік айдауға тыйым салынады», - деді Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, полиция қазір Instagram желісіндегі nelegal.kaz паблигін жіті қадағалауды қолға алды.

«Полиция бұл пабликті қадағалауды қолға алды. Аталған парақшада 85 видеj, 89 фото қаралды. 5 әкімшілік хаттама толтырылды1, - деді ІІД ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар