Алматы тұрғыны тіс дәрігерін сотқа беріп, моральдық шығынды өндіріп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны Е.Балхаева «Для всей семьи» ЖШС дәрігері С.Захаровичті сотқа берді.

Даулы іс туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Емханада ем алған пациенттің тісі ұзақ уақыт өтпей ауыра бастаған. Жай-күйінің нашарлауына қарай бірнеше рет дәрігерге қаралып, содан кейін басқа клиникалардан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Нәтижесінде, ауруды жеңілдету мақсатында дәрігерлер оның сол жағындағы жетінші тісін түбірімен жұлып тастаған.

Сараптамада анықталғандай, науқастың медициналық картасында аурудың тарихын сипаттайтын деректер жеткіліксіз, ем қолданар алдында ешбір рентген суреттер түсірілмеген, ұсынылған емдеу жоспарына аурудың келісімі толтырылмаған, қандай дәрі-дәрмек егілгендігі және олардың пайыздық арақатынасы жазылмаған.

«Істің мән-жайын ескере келе, сот жауапкерден шағымданушының пайдасына 26 000 теңге мөлшерінде материалдық залалды, 50 000 теңге көлемінде моральдық зиянның өтемін, 187 629 теңге мөлшерінде сот шығындарын өндіру жөнінде шешім етті», - деді Қ.Ешімет.

Соңғы жаңалықтар