Алматы тұрғыны «телефон алаяқтарына» 470 мың теңгесін ұстатып жіберген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда телефон алаяқтары азаматшаны алдап, 470 мың теңгесін қолды еткен. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мекеме өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытта азаматтардың ақша қаражаттарын алдау жолымен иемдену мақсатында телефон арқылы алаяқтық жасау жиі орын қайталанып отыр. Жақында олардың «тұзағына» Алматы қаласының тұрғыны түсіп қалған. Әйел адамға белгісіз біреулер полицей ретінде хабарласып, оның ұлының жол апатына ұшырағанын айтып, қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 500 мың теңге көлемінде қаржы талап еткен.
Оған сеніп қалған келіншек ақшаны сұраған жеріне апарып берген.
Қалалық прокуратура өкілдері тұрғындарға кез-келген ақпараттың шынайылығын тексеріп алуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар