Алматы тұрғыны Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін 7 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін 7 жылға сотталды. Үкімді кеше Алмалы аудандық сотының судьясы шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Сот үкіміне сәйкес Алматы тұрғыны Кәміл Абдуллин ҚР ҚК 233-2-бабының 2-тармағы (лаңкестік топты құру, басқару, қатысу), 233-1-бабының 2-тармағы бойынша (лаңкестік пен экстремизмге ашықтан-ашық үндеу), 164-бабының 2-тармағы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, діни тұрғыдан араздық тудыру) кінәлі деп табылып, оған жалпы режимдегі колонияда 7 жыл көлемінде жаза кесілді.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы бірнеше жайтты көлденең тартты.

Оның айтуынша, 2013 жылдың мамыр айының соңында Кәміл Абдуллин Сириядағы жиһадқа қатысқан. 2013 жылдың 1 маусымында Түрік-Сирия шекарасындағы Алеппо қаласындағы белсенді қарулы қақтығыстарға қатысқан. «Абузар» лақап атын жамылған ол «Ескі Түркістан» моноұлттық лаңкестік топтың құрамына жұмыс істеген. Осы жерде жүріп әскери дайындықтан өтіп, қаруды қалай қолдануға машықтанған.

Прокурорлардың айтуынша, аталған радикалды топтың мүшесі бола жүріп, ол жоғарыда өзіне тағылған қылмыстардың бәрін жасаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы 15 тәуліктің ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Соңғы жаңалықтар