Алматы тұрғыны сауда орталығына маскасыз кіргізбей қойған күзетшіні ұрып-соққан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас адам сауда ойын сауық орталығына маскасыз кіргізбеген күзетшіні ұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Silk Way City сауда үйінде болған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық полиция департаменті тәртіп бұзған азаматтың ұсталғанын хабарлады.

«Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа берілді»,- деді Алматы ПД.


Соңғы жаңалықтар