Алматы тұрғыны оқ-дәрілерді сату барысында ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар саудасына қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты ұстады. Ол Алматы қаласының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысының Іле ауданында оқ-дәрілер сату кезінде 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Одан әртүрлі калибрлі 250 патрон, Ф-1 гранатасы, детонаторлар, серіппелер мен жарылғыш заттарға қосымша бөлшектер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен көзделген соталды тергеу басталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталды»,- деп хабарлады Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінен.  

Соңғы жаңалықтар