+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған - әкімдік

2020 жылғы 28 қаңтар 18:45
Бөлісіңіз:
Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы короновирусқа шалдыққан науқас туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 63 адамнан коронавирус анықталды Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман Пневмониямен ауырған науқастардың өкпесі қанша уақытта қалыпқа келеді - маман пікірі

WhatsApp арқылы Алматыда коронавирус жұқтырған адам бар деген ақпарат тарап жатыр.

«Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған науқаста короновирус инфекциясы табылмағанын хабарлайды» делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін жедел жәрдем қызметіне Гонконгтан түнде ұшып келген қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол өзінің қалтырап, дене қызуының көтеріліп тұрғанын айтып шағымданған.

Арнайы киім киген жедел жәрдем дәрігерлері дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар науқас қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

«Ауруханада науқасты дәрігерлер арнайы бокста тексерді. Оған «орташа ауыр деңгейдегі тұмау» диагнозы қойылды. Сонымен қатар қажетті вирустық талдаулар алынып, емдеу басталды», - деп толықтырды басқармадағылар.

Қытайдағы коронавирус инфекциясының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты науқас дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT