Алматы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
мАЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай үкімді Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Полицейлер сатушыны ұстау үшін өздерінің адамын саудаласуға жіберген. Якунин С. 26 маусымда түскі 14:00 шамасында Қарасай батыр-Амангелді көшелерінің қиылысында әлгі «клиентке» 0,57 гр шамасында героинді 8000 теңгеге сатады.

1,5 сағат өткен соң полицейлер Якунинді ұстап, оның қалтасынан салмағы 0,91 гр болатын героин тапқан. Ал, оның тұратын үйінен 1,44 грамм болатын героин ұнтағы табылды.

Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Якунин С.Ю. ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлімімен, 296-бабының 4-бөлімімен айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар