Алматы тұрғыны 24 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

None
None
АҚСАЙ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында осыдан 24 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Ер адам қылмысын мойнына алып, марқұмның денесін қайда жасырғанын көрсету үшін Ақсайға келген. Ол 1995 жылы 20 жастағы бойжеткенді өлтіргенін мойындады.

«Адам сүйегі табылғаны туралы мәлімет WhatsАpp мессенжерінде тарап кеткен болатын. Алматыда тұратын ер адам осы жағдайдан кейін, яғни 6 шілде күні кінәсін мойындап, полицияға өзі келді. Енді оны сот күтіп тұр», - деп мәлім етті БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Аталмыш жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар