Алматы тұрғыны 100 мұқтаж адамға күнде тегін тамақ таратады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны Расима Темербаева мұқтаж адамдарға тегін түскі ас таратып жүр. Кез келген мұқтаж адам ыстық тамақ алып іше алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Күніне Айманов - Жандосов көшелерінің қиылысындағы дүңгіршекке 16:00-17:00 арасында 100-ге тарта зейнеткер, тұрмысы төмен отбасылар, қаңғыбастар келеді.
null

null  

Жиналғандар борщ, палау, бидай ботқасын тағы басқа тамақты демде таратып алып кетеді.

«Биыл біз 100 порция таратып жатырмыз. Одан артық бере алмаймыз. Өйткені, азық-түлікті бізге көмектескен демеушілердің ақшасына аламыз. Кейде 100 адамнан асып кетеді. Сол кезде келесі күні келулерін сұраймыз. Адамдар тамақты 5-10 минутта алып кетеді», - деді Расима Темербаева. 

Он ың айтуынша, тегін тамақ ішуге қаланың әр бұрышынан  адамдар келеді.

«Көбінесе 80-ді алқымдаған қариялар келеді. Біз адамдардың ешқайсысын құр қол қайтармаймыз. Бірақ қаңғыбастар мас күйінде келсе оларға тамақ берілмейді. Адамдарға ас беріп, алғысын алған қандай жақсы. Бір қарияның қарны тойса, соның өзі мен үшін үлкен  бақыт», - деді Расима Темербаева.

Қайырымды жанға игі іс жасау үшін достары мен таныстары көмектеседі.
null 

Соңғы жаңалықтар